Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде жүзден аса адам баспаналы болды

Өскемен қаласында баспана кезегінде тұрған 136 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішіндегі 30 жанұяға Есенберлин даңғылында орналасқан пәтер кілттерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Н.Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 120-ға жуық көпқабатты үй салынуда. Жыл сайын облыста 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін баспаналы болған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Қазақ «Өз үйім өлең төсегім» дейді. Яғни, әр адамға өзінің үйі бәрінен де ыстық, жайлы, жанға жақын. Шаңырақтарыңызға шаттық ұялап, қуаныштарыңыз еселене берсін!, – деді аймақ басшысы.

Жыл басынан бері облыс орталығында көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өзге де әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 150-ден астам пәтер берілді. Жаңа үйлерінің кілттерін алған жанұялар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ, өңір басшысы пәтерлерді аралап көріп, үй иелеріне сый-сияпат жасады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button