Қоғам

Өскеменде сарбаздар қысқы оқу кезеңін қорытындылады

Өскемендегі Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518, 3477 және 6699 әскери бөлімдерінің жеке құрамы қысқы оқу кезеңінің қорытынды тексеруінен өтті. Бақылау сынағына барлық санаттағы қызметкерлер, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Әскерилер келесі дайындық түрлері бойынша сынға түсті:

  • Физикалық дайындық: 100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіру;
  • Тәжірибелік дайындық: «Макаров» тапаншасы және «АК-74» автоматымен нысана көздеу, қаруды уақытқа шашып-жинау;
  • Теориялық дайындық: Кәсіби және тактикалық білім бойынша тест тапсыру.

Бүгінгі таңда еліміздің әрбір әскери қызметшісі қай салада болмасын қару атып, өзгерген жағдайда дұрыс та жедел шешім қабылдап, өз ісінің маманы болуы тиіс, – деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Мамай Құрмантаев.

Бұл тексерістің негізгі мақсаты – жеке құрамның машығын, бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындау әзірлігі мен өзара үйлесімділігін бағалау. Сынақ қорытындысы бойынша әр әскери қызметшіге жеке баға қойылып, кейін әскери бөлімдердің жалпы рейтингі анықталады.

Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button