Қоғам

Өскеменде шомылу маусымы 15 маусымда ашылады

Өскеменде жазғы шомылу маусымы ресми түрде 15 маусымнан бастап ашылады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Тұрғындар үшін қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған үш жағажай қызмет көрсетеді. Нақтыласақ, Солжағалау саябағы аумағындағы жағажай мен «Самал» саябағындағы жағажай және КНМ аумағындағы жағажай.

ШҚО ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта «Самал» және КНМ жағажайларында дайындық пен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Егер бұл жұмыстар маусым басталғанша бітпесе, ресми ашылудан кейін де жалғаса береді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамырдан тамыз айының соңына дейін жағажайлардағы су мен топырақтан ай сайын сынама алып отырады.

Өткен жылғы зерттеу қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштер гигиеналық талаптарға сай болды. Тұрғындар тарапынан су мен құм сапасына қатысты ешқандай шағым түскен жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.

Ресми маусым ашылар алдында мамандар жағажайларға тағы да зертханалық тексеру жүргізеді.

Нұрай Жеңісқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button