Қоғам

Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары полиция қызметкерлерін құттықтады

Қазақстан Республикасы Полициясы күніне орай Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның 3477 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Жиында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне қарасты Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Іс-шара барысында ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзара тығыз іс-қимылының маңыздылығы жоғары бағаланды. Тұрғындардың тыныштығын қорғау жолында ерен еңбек көрсеткен тәртіп сақшыларына ерекше алғыс білдірілді.

Қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, «Ұлттық ұлан үздігі» медальдары және «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілері мен құрмет грамоталары табысталды.

3477 әскери бөлімінің басшылығы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қиын да жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдары алдағы уақытта да бірлескен жұмысты нығайтып, ел тыныштығын сақтау бағытындағы серіктестікті жалғастыра бермек.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button