Қоғам

«Палау» үшін бір-бірін таптап тастай жаздады

Өскеменде «тегін палау» үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қалада аяқ киім сататын дүкеннің ашылуына орай акция ұйымдастырылған. Алайда дүкен қожайыны жергілікті атқарушы органдардың келісімін алмай, қолданыстағы заңнама талаптарын өрескел бұзған.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, іс-шара барысында тегін палау таратылып, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған. Бұл азаматтардың жаппай жиналуына себеп болған. Нәтижесінде жиналған адамдардың өміріне қауіп төніп, қоғамдық тәртіп бұзылған.

Осы іс бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізді. Жиналған материалдар негізінде акцияны ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button