Басты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

Ал шілденің 17 күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

Еске салайық, 15 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барған болатын.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button