Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев ДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өзара ықпалдастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, халықаралық бастамаларға көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

Әңгімелесу кезінде климат пен денсаулық сақтау саласындағы бірлескен зерттеулер, цифрлық трансформация және медицинаға жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ДДҰ басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, елдің экология мен су қауіпсіздігі бағытындағы бастамаларын қолдайтынын айтты.

Кездесу қорытындысында ұйым басшысы Қазақстанға дәрілік заттардың айналымын реттеу жүйесі бойынша үшінші деңгей берілгенін растайтын хат табыстады. Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді. Қазақстан мұндай деңгейге ТМД елдері ішінде бірінші болып қол жеткізді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button