Басты жаңалықБілім

Қазақстанда 4 миллион адамның жұмыс форматы өзгереді

Жасанды интеллекттің дамуы Қазақстанның еңбек нарығына елеулі өзгерістер әкелмек. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева мен депутат Асхат Аймағамбетов кадр даярлау мәселесіне қатысты маңызды болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Негізгі сандар мен фактілер:

  • 4 миллионға жуық адам: ЖИ әсерінен жұмыс істеу тәсілін өзгертеді (елдегі мамандықтардың 44%-ы).
  • Мамандықтардың жойылуы: 46 мамандық қысқарып, 14-і мүлде жойылады. Бұл 362 мың адамға тікелей әсер етеді.
  • Білім гранттары: Биыл 77 мың грант бөлінген, бірақ түлектердің үштен бірі өз мамандығымен жұмыс істемейді.
  • Болжам: 2040 жылға қарай талапкерлер саны 440 мыңнан асуы мүмкін.

Депутат Асхат Аймағамбетов ЖИ заманында университеттердің оқыту моделін түбегейлі өзгерту қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, қазіргі құндылық – ЖИ-дің қолынан келмейтін «таза адами құзыреттіліктерде».

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аямағамбетов

Бұрын бағдарламалау үшін Python білу керек болса, бүгін «вайб-кодинг» заманы келді. Сапалы промпт (сұраныс) жазу үшін мәселенің мәнін түсіну, сыни ойлау қажет. Сондықтан Философия, Социология, Логика мен Этика пәндерін қысқартустратегиялық қателік, – деді депутат.

Жаңа талаптар:

  • Сұрақ қоя білу: ЖИ-ге дұрыс тапсырма беру үшін іргелі білім керек.
  • Қайта оқу қабілеті: Мамандықтар тез ауысатын әлемде адам өздігінен білім алуды тоқтатпауы тиіс.
  • Кең ауқымды көзқарас: Университет тек жұмысқа баулып қана қоймай, автоматтандырылған әлемде өмір сүруге бейімдеуі қажет.

Мамандардың пікірінше, ЖИ-ден қорықпай, оны құрал ретінде пайдалана алатын, сыни ойлауы дамыған кадрларға сұраныс жоғары болады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button