Басты жаңалықСаясат

Қазақстанда қос палаталы Парламент дәуірі аяқталды

Қазақстанның саяси жүйесінде үлкен тарихи бетбұрыс басталды. Бүгін Парламент Сенатының соңғы пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жиын барысында сенаторлар бірнеше маңызды заңды мақұлдап, соңынан палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев 30 жылдық жұмыстың қорытындысын жариялады.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тарихындағы соңғы отырыс өтті. 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған екі палаталы парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын лайықты түрде аяқтап отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

30 жылдық тарих: Сандар мен деректер

Үш онжылдыққа жуық уақыт ішінде жоғарғы палата ел дамуына елеулі үлес қосты:

  • 890 пленарлық отырыс өткізілді;
  • 3,5 мыңнан астам заң қаралып, қабылданды.

Бұдан кейін не болады?

Саяси реформалардың кезеңі келесідей өрбімек. Ертең Президенттің қатысуымен Сенат пен Мәжілістің соңғы бірлескен отырысы өтеді. Осымен қазіргі парламенттік сессия ресми түрде жабылады. 1 шілде – Жаңа Конституция күшіне енеді. Осы сәттен бастап қазіргі қос палаталы парламенттің өкілеттігі толықтай тоқтатылады. Екі палаталы жүйенің орнына бір палаталы Құрылтай жұмысын бастайды. Жаңадан құрылатын өкілді органға қатысты тамыз айында сайлау өткізу жоспарланған.

Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басып, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңартуды қолға алуда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button