Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда «Құрылтай» есімді 10 адам бар

Қазақстанда «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай»  және «Құрлтай» деген есімді 10 адам бар. Олардың 6-ауы ер адам, 4-еуі әйел. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы бұл деректі Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында жариялады. «Құрылтай» есімділердің 4-еуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Екеуі Алматы қаласында тұрады. Қалған 4 аазамат Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Он адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.

Еске салайық, 23 тамызда елімізде жаңа бір палаталы Құрылтайға депутаттар сайланады. Бұған дейін 30 жыл жұмыс істеген қос палаталы Парламенттің (Сенат пен Мәжіліс) жұмысы 30 маусымда ресми түрде тоқтаған болатын.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button