Қоғам

Сайлау күні толтырылған бюллетеньді суретке түсіріп, таратуға тыйым салынады

Сайлау күні толтырылған бюллетеньді суретке түсіріп, таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Дауыс беру күні сақталуы тиіс негізгі ережелерді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік түсіндірді.

  • Ертең 22 тамыз – тыныштық күні. Бұл күні және дауыс беру күні сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады;
  • Дауыс беруге дейінгі бес күн ішінде және сайлау күні қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын және сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді таратуға жол берілмейді;
  • Дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фото не видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады;
  • Сайлаушының сайлау учаскесінде фотоға түсу құқығына шектеу жоқ. Оның қай партияға дауыс бергені көрінбесе, сайлау жәшігінің жанында немесе бюллетеньді жәшікке салу кезінде де суретке түсуіне болады. Дауыс беру күнінен кейін бұл материалдарды таратуға шектеу қойылмайды. Тыйым дауыс беру күніне ғана қатысты.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button