Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында орман өрті шықты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті, төтенше жағдайлар қызметі және авиация тартылды. Тікұшақтар өрт ошағына 24 рет су төгіп, қосымша күштер мен техника жұмылдырылды.
Өрт қаупіне байланысты орман аумағындағы Dos Bol Like жазғы лагерінен 190 бала эвакуацияланды. Оның 2-еуін ата-аналары алып кетсе, 188 бала Бородулиха ауылына көшірілді.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстық пен өрт қаупінің жоғары деңгейі жалынды ауыздықтау жұмыстарын қиындатып отыр.
Еске салайық, 2023 жылы дәл осы резерват аумағында Қазақстан тарихындағы ең ірі орман өрті болып, 15 адам қаза тапқан еді.
Minut.kz



