Қоғам
ШҚО-да жол қозғалысына шектеу қойылды
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағытта көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бүгін сағат 09:00-ден бастап облыстық маңызы бар жолдарда жазғы дөңгелекпен жүрген барлық көлік түрлеріне, сондай-ақ тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа тыйым салынды. Шектеу қойылған жол учаскелері:
- «Өскемен – Семей»: 12-45 км (Казачье ауылының бұрылысы – Таврия ауылы) және 48-103 км (Таврия ауылы – Абай облысының шекарасы) аралығы.
- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы»: 0-105 км (Өскемен қаласы – Риддер қаласы) аралығы.
- «Өскемен — Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары»: 7-166 км (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) аралығы.
- «Алматы – Талдықорған — Өскемен – Шемонаиха — РФ шекарасы»: 1013– 1062 км (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті) аралығы.
Minut.kz



