Басты жаңалықБілім

ШҚО-да ұстаздар соттасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында білім саласы үлкен даудың ортасында қалды. Атқамінерлер мен ағартушылар арасындағы текетірес енді сот залында жалғасуда. Бірінші инстанцияда жеңіске жеткен мұғалімдер енді тек мәртебені емес, өткен айлардағы тиесілі үстемеақыны да толық өндіріп алуды көздейді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Даудың басы – «педагог-зерттеуші» мәртебесінде. Өткен жылы Өскеменде 272 ұстаз осы санатты ала алмай, сан соғып қалған. Аттестаттау комиссиясы оларды «жетістігі аз, әдістемесі жоқ» деп шеттетсе, мұғалімдер мұнымен келіспей, заңды құқықтарын сот арқылы қорғап шыққан.

Тамара Барышова тарих пәнінің мұғалімі

Сотқа арыз берген 29 педагогтың барлығы шекті балды жинады. Бірақ критерийлердің бірінің болмауы санатты төмендетуге әкеп соғатыны туралы еш жерде көрсетілмеген, – дейді тарих пәнінің мұғалімі Тамара Барышова.

Алайда, білім басқармасы «сынақтан сүрінгендердің арасында тіпті өз білімін бағалау тестінен өте алмағандар бар. Комиссия жұмысы заңды деп сотқа қайта шағымданбақ.

Бұлбұл Қозыбаева ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары

Қазіргі уақытта білім басқармасы атынан аппелацияға беру жоспарланып отыр. Сол аппелацияның шешімі бойынша шаралар қабылданатын болады, – ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Бұлбұл Қозыбаева.

Ұстаздардың құқық қорғаушысы бұл істе шикілік көп екенін айтты. Оның пайымынша, аттестаттау комиссиясының өзі заңсыз құрылған және жұмыс мерзімдерін өрескел бұзған.

Алексей Божков құқық қорғаушы

Аттестаттау комиссиясының құрылғаны да заң бұзушылық деп есептеймін. Ол 1 қыркүйекке дейін емес, ақпан айында құрылған. Сондай-ақ, жұмысын тамызда аяқтамай, күзде де жалғастырған, – дейді құқық қорғаушы Алексей Божков.

Шенеуніктер бұл кешігуді тамыз айында өткізілген электронды құжаттың көптігіне сәйкес техникалық кедергілер болғанын алға тартты. Ал биыл өңірде 700-ден астам мұғалім атестаттаудан өтуі тиіс. Бірақ министрлік ережелерді қайта қарап жатқандықтан, құжат қабылдау әзірге тоқтап тұр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button