Басты жаңалықҚоғам

ШҚО сотының жоғары лауазымды судьясы ұсталды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жоғарғы соттың мәліметінше, ұстау операциясын ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген.

Тергеу нұсқасы бойынша, судья мүдделі тараптың пайдасына шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда.

Кейбір мәліметтерде, күдікті 40 миллион теңге алды деген күдікке ілінген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Айыпталушының кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып есептеледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button