Қоғам

Шығыста 4 мың маманның орны бос

Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылдары 15 мыңнан астам маман қажет болады. Ал қазірдің өзінде құрылыс, энергетика, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және әлеуметтік салада шамамен 4 мың маманға сұраныс бар, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысқан.

Күн тәртібінде көші-қон саясаты мыселесі қаралған. Үкімет басшысы квазимемлекеттік сектор мен бизнес үшін сұранысқа ие, білікті мамандарды елге тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Жалпы Шығыс Қазақстанға 2017-2025 жылдар аралығында 2209 отбасы қоныс аударған. Олардың ішінде 82 адам жоғары білімді, 110 адам орта білімді, 143 адамның кәсіби білімі жоқ. Барлығы 335 еңбекке қабілетті азаматтың 195-і жұмыспен қамтылған.

Өткен жылы қоныс аударушыларды қолдауға мемлекет тарапынан 496 млн теңге бөлінді. Қаражат көшу шығындарын өтеуге, тұрғын үйді жалға алуға және арнайы сертификаттар беруге бағытталған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button