Басты жаңалықҚоғам

Шығыста «Таза әлем» атты ауқымды акция өтті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза әлем» атты ауқымды акция өтті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Березовка өзенінің жағалауына жақын аумақты тазалауға белсенділер мен волонтерлер, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері, күміс волонтерлер және Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Ардагерлердің бұл акцияға қатысуы ерекше маңызға ие болды. Олар жастармен бірге туған жердің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатқа ұқыпты қарау мен қоршаған ортаға жауапкершіліктің маңызын өз ісімен көрсетті.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде аумақ толықтай қоқыстан тазартылып, 280-нен астам қап қоқыс жиналып шығарылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен келген арнайы техникалар қоқысты шығарды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button