Қоғам
Суға шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетті
Ішкі істер министрлігі елдегі шомылу маусымына байланысты шұғыл мәлімдеме жасап, ата-аналарды барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған, қауіпті су айдындарында болған. Жазатайым оқиғаларға ересектердің демалыс кезінде ішімдік ішіп, балаларды қараусыз қалдыруы негізгі себептердің бірі саналады.
Жалпы жыл басынан бері тыйым салынған орындарда суға шомылған 2700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Minut.kz



