Басты жаңалықСаясат
Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Ертең Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.
Minut.kz



