Қоғам

Ұлттық банк коллекциялық монета шығарады

Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монета шығарады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шығарылған. Ол 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген жаңа Ата заңға арналған.

Коллекциялық монета 925 сынамалы күмістен жасалған және алтын жалатылған. Салмағы 31,1 грамм, өлшемі 35х45 миллиметр, номиналы – 1 мың теңге.

Монетаның таралымы – 1 мың дана. Ол «proof» сапасымен Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Коллекциялық монеталарды 19 тамыздан бастап Ұлттық Банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Монета Қазақстан аумағында белгіленген номиналы бойынша барлық төлем түріне қабылданады. Сондай-ақ оны елдегі банктерде шотқа есепке қоюға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button