Заңсыз акция ұйымдастырушы 5 тәулікке қамалды

Өскеменде дүкеннің ашылуына орай заңсыз акция ұйымдастырған азамат 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Акция ұйымдастырушысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылық жасау бабы бойынша іс қозғалған. Сот шешімімен құқық бұзушы бүгін 5 тәулікке қамалды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұйымдастырушының бұл әрекеті адамдардың бақылаусыз және бейберекет шоғырлануына әкеп соқтырған. Бұл қоғамдық тәртіптің бұзылуына және азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндірді.
Айта кетейік, бұған дейін аталған факті бойынша ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынғанын қала әкімдігі хабарланған болатын.
Еске салайық, оқиға 11 сәуір күні болған. Қала тұрғыны жергілікті атқарушы органдармен келіспей, қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуын ұйымдастырған. Шара барысында тегін тамақ тарату акциясы өткізіліп, аяқ киімдер төмендетілген бағамен сатылған.
Minut.kz



