Денсаулық

Зейнетақы қаржысымен пластикалық ота жасатуға тиым салынды

Бүгіннен бастап зейнетақы қаржысын пластикалық ота жасатуға жұмсауға тыйым салынды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

БЖЗҚ қаражатын пластикалық операцияларға пайдалану үшін өтінім қабылдау 2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап тоқтатылады. «Отбасы» банк мұндай өтінімдердің саны бойынша күрт өсімді байқaған.

Желтоқсанның алғашқы 8 күнінде офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтағаннан кейін, пластикалық оталарға БЗҚ пайдалану бойынша 2093 өтініш түсті. Бұл – бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп, – деп мәлімдеді «Отбасы банк».

Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта пластикалық операцияларға БЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтінім қаралып жатыр.

Айта кетейік, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі мақсаттар үшін пайдалана алады:

  • сирек (орфандық) ауруларды емдеу;
  • радионуклидтік және радиойод терапиясы;
  • радиохирургиялық емдеу;
  • протондық терапия;
  • тұрғын үй жағдайын жақсарту (тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, Отбасы банктегі депозитті толықтыру).

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button