Басты жаңалықДенсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз және қаныққан май мөлшері жоғары тағамдардың жарнамасын шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жаңа талаптар теледидар, радио, әлеуметтік желілер және сыртқы жарнамаға қатысты болмақ. Негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің зиянды тағамдарға қызығушылығын арттыратын маркетингтік ықпалды азайтып, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру.

Министрлік бұл тағамдарға тыйым салу емес, оларды балаларға жарнамалауды шектеу екенін атап өтті. Ведомство дерегінше, 6-9 жастағы балалардың 23 пайызы артық салмақтан зардап шегеді, ал 6 пайызында семіздік бар.

Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5 пайызы энергетикалық сусындарды аптасына кемінде бір рет тұтынады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button