Денсаулық

Медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасағандар сотталуы мүмкін

Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендерге жаза күшейтіледі – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда қабылдады. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты күш қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін жаңа 380-3-бап пайда болады.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады.

Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Сондай-ақ, дәрігерлерді күш қолдана отырып, қорқытқаны үшін бөлек жауапкершілік белгіленеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button