МӘМС жүйесіне цифрлық бақылау тетігін енгізу ұсынылды

Халықтың МӘМС-ке аударған ақшасын бақылау үшін цифрлық жүйе әзірлеу ұсынылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың сөзінше, қазақстандықтар ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударады, алайда оның қалай пайдаланылып жатқанын бақылай алмайды.

Қор азаматтардың өз активтері есебінен инвестициялық қызметпен айналысады. Оның ішіне азаматтар аударатын жарналар да кіреді. Қор салымшылары болып саналатын азаматтар бұл инвестициялық қызметтен табыс алмайды. Бұл – әлеуметтік әділетсіздік, – деді депутат.
Айтуынша, МӘМС жүйесіне цифрлық бақылау тетігін енгізуге болады. Сондай-ақ, инвестициялық табысты ескере отырып, пайдаланылмаған МӘМС қаражатын қазақстандықтарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін беру мүмкіндігін қарастыру да ұсынылып отыр.
Жанель Жанболатқызы



