Денсаулық
Қазақстанда бірнеше шай түріне тиым салынды

Қазақстанда бірнеше қара шай түрін импорттауға және сатуға шектеу қойылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеген. Сараптама нәтижесінде шай өнімдерінен шай өндірісінде қолдануға мүлдем тиым салынған қауіпті тағамдық бояғыштар – E110, E102 және E124 табылған.
Сондай-ақ, өнім қаптамаларында өндіріс орны мен мекенжайына қатысты нақты әрі расталған ақпарат жоқ екені де анықталған.
Тыйым салынған шайлар тізімі:
- «Апамның шәйі Premium Gold»
- «Sultan Suleyman»
- «Pakistan Tea»
- «БАЛҚИЯ Premium Gold»
- «Aje Onim»
- «Al-Hayat Gold»
- «Al-Jannat Premium»
- «Alfarah»
Жанел Жанболатқызы



