Денсаулық
МӘМС қаражаты бақылауға алынады

МӘМС жүйесіндегі қаржының жұмсалуын бақылау күшейтілмек. Қаржы министрлігі чекке қойылатын талаптарды өзгертіп, енді әр түбіртекте азаматтың ЖСН-ын көрсетуді міндеттеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Жаңа тәсіл арқылы әрбір медициналық қызметтің кімге көрсетілгенін нақты бақылауға мүмкіндік пайда болады. Бұл мәліметтер салық органдарының жүйесінде салыстырылып, қаражаттың мақсатты жұмсалуын тексеруге жол ашады.
Бастама МӘМС қаражатының ашықтығын арттыруға және заңсыз шығындардың алдын алуға бағытталған. Құжат «Ашық» порталында жарияланып, 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Minut.kz



