Мәдениет

Өнер майталмандары марапатталды

Президент Мақпал Жүнісованы, Татьяна Бурмистрованы және Марина Ганцеваны өнерге қосқан үлестері үшін марапаттады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Президент, ең алдымен салтанатты іс-шараға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрына және Е. Рахмадиев атындағы академиялық филармонияға «Ұлттық» мәртебе берілсе, орынды болар еді. С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына «Академиялық» мәртебе беру керек деп есептеймін деген ойын білдірді.

Сонымен қатар, «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдайтынын және бұл марапат дәстүрлі өнер өкілдерін қолдауға ықпал ететінін жеткізді.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Бүгін мен Татьяна Бурмистроваға ең жоғары «Отан» орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Сонымен қатар бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырамыз. Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының актрисасы Марина Юрьевна Ганцева III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады. Ол Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты, — деді Президент.

Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button