Басты жаңалықСаясат

Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы тиіс

Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы жандануы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауында осындай міндет қойды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын дамытуға басымдық берілетінін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы қажет. Бұл жекелеген жобалармен шектелмей, барлық аймақты қамтуға тиіс. Президент алдымен өңірлердің әлеуметтік нысандарға деген нақты қажеттілігін анықтауды тапсырды.

Ол үшін жан-жақты зерттеу мен талдау жұмыстарын жедел аяқтау қажет. Тоқаев инфрақұрылымды дамытуға қатысты ауқымды міндеттер сапалы әрі уақытылы орындалуы керектігін атап өтті.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button