Бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізілуі мүмкін
Бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысын халыққа Жолдауында Құрылтай депутаттары мен Үкіметке талқылауды тапсырды. Мораторийді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу мәселесі қаралады.
Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы алғашқы жартыжылдықта жеке кәсіпкерлер тарапынан анықталған заңбұзушылықтар 34 пайызға азайған. Алайда айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11%-ға өсіп, жоспардан тыс тексерулер саны ондаған есе артқан. Сондықтан Президент 2020–2023 жылдардағы мораторий тәжірибесін ескеруді ұсынды.
Оның пікірінше, бұл қадағалау жүйесін қайта қарап, цифрлық реттеуге көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларында шағын және орта бизнеске белгілі бір үлес бөліп, жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету ұсынылды.
Minut.kz



