Басты жаңалықЭкономика

Ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеріледі

Медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән беріледі. Бұл тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейіп, жүйені қаржыландыру көлемі кезең-кезеңімен ұлғаяды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Фото Ақорданың ресми парақшасынан алынды

Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button