Президент электр энергиясына қатысты сын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жылына 123 млрд киловатт-сағат электр энергиясы өндіріледі. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан Үкімет 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді жаңартуы тиіс деп тапсырды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Президент бұл туралы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында айтып, энергетика саласындағы жобалардың кешігуін де сынға алды. Қазақстан қыс мезгілінде тұтыну шарықтаған кезде көрші елдерден электр энергиясын жоғары бағамен сатып алады. Ал жазда оны әлдеқайда арзан бағамен қайтарады. Алматы, Түркістан, Қызылорда және Екібастұз қалаларындағы жаңа энергия нысандарын іске қосу мерзімі кешігіп жатыр.
Президент мұндай тәжірибе ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқанын сынады. Кезінде Балқашта жылу электр орталығының басталған құрылысы тоқтап қалғанын еске салды.
Тоқаев елде кәсіби энергетиктердің аз екенін атап өтіп, шикізаттық артықшылықты тұрақты энергетикалық және технологиялық дамуға айналдыру қажеттігін айтты.
Minut.kz



