Басты жаңалықЭкономика
Ұлттық қор жаржысы ұрпақ игілігіне жұмсалуы қажет
Ұлттық қордың басты міндеті – ел байлығын сақтап, көбейту және оны қазіргі әрі болашақ ұрпақтың игілігіне жарату, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Ұлттық қор көптеген жыл бойы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Президент келешек ұрпақтың мүддесін қорғау үшін бүгіннен бастап нақты әрі батыл шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.
Оның сөзінше, өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды, әрқайсысы дер кезінде шешілуге тиіс. Тоқаев кейінгі буынға өркениетті, дамыған және жаңарған мемлекет қалдыруды қазіргі ұрпақтың басты міндеті әрі жауапкершілігі деп атады.
Minut.kz



