Денсаулық
Жас фельдшердің жағдайы өте ауыр

Астанадағы көпқабатты үйден кірпіш үстіне құлаған фельдшердің жағдайы әлі нашар. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында айтты.
Вице-министрдің сөзінше, фельдшер маманның жағдайы өте ауыр. Жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Барлық денсаулық сақтау жүйесі, мамандар бірігіп, консилиум арқылы шешім қабылдап, көмек көрсетіп жатыр. Аруханаға түскен күні ота жасалып, реанимациялық көмек көрсетілген. Қалған зардап шегушілер де толық көлемде ем алып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шеккен еді.



