Елімізде 700-ден астам автомектеп тобы жабылды
Елімізде автомектептердегі 701 оқу тобының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде автомектептердегі өрескел заңсыздықтар әшкереленді. Тексеру барысында 59 оқу ұйымының көліктері міндетті тексеруден өтпегені және сақтандыру полисіз жүргені анықталды. Сонымен қатар, автодромдарында жол белгілері мен таңбалары жеткіліксіз, жарықтандыру нашар болған.
Қазіргі таңда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті 701 оқу тобының қызметін тоқтатты. Енді оқу барысы мен куәліктердің заңдылығы «Автомектеп» ақпараттық жүйесі арқылы қатаң бақыланбақ.
Айта кетейік, қазір Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» заң қаралып жатыр. Енді автомектеп ашу үшін жай ғана хабарлама беру жеткіліксіз. Арнайы мемлекеттік рұқсат алу міндеттелуі мүмкін.
Minut.kz



