Білім

ЖИ университеті студенттерді қабылдайды

Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы алғашқы зерттеу университеті студент қабылдайды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл Qazaq AI Research University шамамен 600 студентті оқуға қабылдайды. Оның ішінде бакалавриатқа 400 студент түседі, олардың 308-і мемлекеттік грант иегері болады. Магистратураға тағы 100 адам қабылданады. Олар Astana Hub пен Alageum гранттары және ақылы негізде білім алады.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры 100 қызметкерін MBA AI+X бағдарламасы бойынша оқуға жібереді.

Университеттің негізгі бағыты – жасанды интеллект саласында мамандар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button