Білім

«Мен – кәсіпкермін» байқауы өтті

Шығыс Қазақстанда жас стартапшылар арасындағы дәстүрлі «Мен – кәсіпкермін» байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Биыл тоғызыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған ауқымды жоба мектеп оқушылары мен колледж, жоғары оқу орындары студенттерінің ең үздік бизнес-идеяларын анықтады.

«Мен – кәсіпкермін» жобасы алғаш рет дәл осы Шығыс Қазақстан облысында бастау алып, кейіннен жалпыұлттық деңгейге көтерілген бірегей бастама. Бүгінгі таңда бұл байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның басты мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту, олардың экономикалық белсенділігін арттыру және нарыққа қажетті тың жобаларды қолдау.

Байқаудың Шығыс Қазақстанда жоғары деңгейде өтуіне мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері бірлесе атсалысты.

Финалдық кезеңде жас дарындар өздерінің бизнес-жоспарларын қазылар алқасы мен инвесторлар алдында жария түрде қорғап шықты. Қатысушылар IT, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлік салалары бойынша өзекті әрі креативті идеяларын ұсынды.

Жарыс нәтижесінде үздік деп танылған жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысының намысын республикалық кезеңде қорғауға жолдама алды. Жас кәсіпкерлерге алдағы додада сәттілік тілейміз!

Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button