Білім
Наурыз айындағы ҰБТ басталды

Қазақстанда наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Сынақ 6 сәуірге дейін жалғасады деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Биыл бұл тестке қатысуға 184 мыңға жуық адам өтініш білдірген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп.
Тілдер бойынша бөлініс:
- Қазақ тілінде: 74,4%
- Орыс тілінде: 25,5%
- Ағылшын тілінде: 216 адам
Ең танымал пәндер комбинациясы:
- «Математика-Физика» – 18,7% (болашақ инженерлер, IT және техника мамандары)
- «Биология-Химия» – 16,6% (болашақ дәрігерлер)
- «Шығармашылық емтихан» – 10,3%
Тест форматы мен ережелері:
- ҰБТ форматы мен ең жоғары балл (140 балл) биыл өзгеріссіз қалады.
- Тапсырма саны: 120 сұрақ (3 міндетті + 2 бейіндік пән).
- Уақыты: 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.
- Көмекші құралдар: Калькулятор, Менделеев және ерігіштік кестелері компьютер экранында қолжетімді.
- Апелляция: Тест біткеннен кейін 30 минут ішінде өтініш беруге болады.
Ерекшелік: Наурыздағы ҰБТ нәтижесімен жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге болады. Оған мектеп және колледж түлектері, ЖОО-да шартты түрде оқып жатқандар мен шетелдік қандастар қатысуда.
Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы



