Білім
Олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңге сыйақы беріледі

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Білім министрлігі мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы жеңістері үшін төлем ережелерін жаңартты:
- 1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
- 2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
- 3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)
Мұғалімдер де сыйақы алады. Мөлшері базалық лауазымдық айлыққа байланысты есептеледі.
- оқушысы «алтын» алса – жалақысының 26,5 есесі
- «күміс» үшін – 17,5 есе
- «қола» үшін – 8,5 есе
Төлемдер жеке беріледі, бір реттік, тек ағымдағы жылғы жетістіктер үшін және Қазақстан азаматтарына арналған.
Minut.kz



