Білім

Өскеменде жас өнертапқыштар көрмесі өтті

Өскемендегі мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларына арналған «Startup Projects-2026» көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Шара барысында мектеп оқушылары өздерінің авторлық туындылары мен инновациялық шешімдерін көпшілік назарына ұсынды. Жас дарындар әзірлеген жобалар экология және қоршаған ортаны қорғау, IT технологиялар және робототехника, заманауи білім беру және әлеуметтік жобалар мен кәсіпкерлік пен стартап бастамалар секілді өзекті бағыттарды қамтыды.

Көрмеге қатысушылар өз идеяларының ғылыми жаңашылдығы мен тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, сарапшылар мен көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, өзара тәжірибе алмасты.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандық таңдауына тікелей әсер етеді. Ең бастысы – жастардың бойында көшбасшылық қасиет қалыптасып, ғылым мен кәсіпкерлікке деген қызығушылығы артады деп санайды.

Бұл көрме аймақтағы жас өнертапқыштардың креативті идеяларын жүзеге асыруға және олардың үлкен ғылым мен бизнеске алғашқы сенімді қадам жасауына таптырмас алаңға айналды.

Аймөлдір Қарқын, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button