Басты жаңалықСаясат
Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдердің басшыларына үндеу жолдады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан келесі негізгі бағыттарға ден қоюды ұсынады:
- Жасанды интеллект – экономикалық интеграцияны дамытудың тың құралы. Қазақстан ЕАЭО аясындағы серіктестерімен жасанды интеллект, цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау салаларында білім мен тәжірибе алмасуға әзір;
- Еуразияның логистикалық хабы: әлеуеттен – көшбасшылыққа. ЕАЭО аясында жасанды интеллект базасы арқылы кіріктірілген жүк ағынын басқару жүйесін құру ұсынылды;
- Технологиялық серпіліс: өндіріс пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру. Қаржыны серпінді инновациялық жобаларға бағыттау қажет;
- ЕАЭО шеңберінде сауда-саттыққа ешқашан кедергі болмауы қажет. Әкімшілік кедергілердің барлығын жою керек;
- Сауданың жаңа географиясы: жаһандық диалог. Таяу келешекте ЕАЭО-ның Жаһандық Оңтүстік, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка мемлекеттерімен, сондай-ақ аймақтағы беделді бірлестіктермен ықпалдастығын кеңейткен дұрыс.
Minut.kz



