Денсаулық

Өскеменде 300 орындық жаңа көпсалалы аурухана салынуда

Өскемен қаласында заманауи үлгідегі 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көктемде басталған нысан құрылысы аймақтың медициналық әлеуетін арттырудағы маңызды қадам болмақ, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда құрылыс алаңында іргетас қалауға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Атап айтқанда, жер тегістеліп, құрылысқа ыңғайлау жұмысы жүргізілуде.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, барлық процесс бекітілген жоспарға сай атқарылып жатыр.

Мұндай ірі медициналық нысанның бой көтеруі өңір үшін өте маңызды оқиға. Жаңа аурухана іске қосылса, халыққа көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы болады деп сенеміз, – дейді қала тұрғындары.

Болашақ аурухана ең соңғы заманауи талаптарға сай бой көтереді. Ғимарат ішінде бірнеше бейінді бөлімдер ашылып, олар жоғары технологиялық медициналық құрылғылармен жабдықталады деп жоспарланған. Бұл жергілікті халықтың емделу үшін өзге өңірлерге немесе шетелге ағылуын азайтып, сапалы көмекті өз қаласында алуына мүмкіндік береді.

Айсу Кенжебекқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button