Саясат
Ерлан Қарин Вице-президент болып тағайындалды
Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Оның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қариннің кандидатурасын қолдауға шақырып, вице-президенттің Құрылтай депутаттарымен тығыз жұмыс істейтінін айтты. Құрылтай депутаттары дауыс беру арқылы кандидатураны мақұлдады.
Осылайша, Ерлан Қарин Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейін қайта енгізілген вице-президент лауазымына ие болды. Қарин бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Minut.kz



