Қоғам
Н.Сақтағанов тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 10-19 қыркүйек аралығында Катонқарағай ауданында өтіп жатқан тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың белсенді кезеңінің барысымен танысты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Оқу-жаттығуға 78 әскери міндетті, ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының 20 тұрақты әскери қызметшісі, «Арлан» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің 20 әскери қызметшісі мен маманы, сондай-ақ 30 лауазымды тұлға жұмылдырылған.

Осындай оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты барлық бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтап, кез келген жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ету, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
Minut.kz



