Басты жаңалықҚоғам

Баспананы сату ережесі өзгерді

Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерді нотариаттық ресімдеу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда пәтерді және басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, кепілге қоюға немесе иеліктен шығаруға байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мәмілелерді енді тек мүліктің орналасқан жеріндегі нотариус қана куәландырыла алатын болды.

Жылжымайтын мүліктің адресі нотариаттық куәландырудың негізгі бағдарына айналады. Яғни, пәтер Өскеменде болса, оны иеліктен шығару немесе кепілге қою жөніндегі нотариаттық рәсім тек Өскемен қаласындағы нотариуста жүргізіледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button