Басты жаңалықҚоғам

Зайсан көлінде жоғалған балықшылардың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінде жоғалған екі балықшының денесі бүгін табылды. деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, 31 жастағы марқұмның денесін балықшылар таңертең тапқан. Ал 58 жастағы балықшының денесі одан кейін табылған.

Кеше көл бетінде жел қатты болып, толқын іздеуге көп кедергі келтірген. Түнде жел басылған соң, Тұғыл ауылының балықшылары таңғы 3-те өздері іздеуге шыққан көрінеді.

Редакциямызға хабарласқан марқұмның апайы құтқарушылардан қайыр болмады. Тек есеп үшін кино түсіріп жүрді деп ашынды.

Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстары кезінде сүңгуірлер 8 рет суға сүңгу жасағанын, іздеуді көлдің едәуір тереңдігі, түбінің күрделі рельефі, су астындағы көрудің шектеулі болғаны қиындатты деп хабарлады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button