Басты жаңалықҚоғам

Катонқарағай әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Катонқарағай әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Өңір басшысының айтуынша, бүгін жаңа әуежай құрылысының барысын тексерген. Нысанның жалпы дайындық деңгейі бүгінде 76 пайызға жуық. Құрылыс алаңында 350 адам және 158 техника жұмыс істеп жатыр.

Бүгін әуежайдың дайын ұшу-қону жолағын, перроны мен рульдеу жолын көрдім. Республикалық маңызы бар жол мен блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталған. Қазір негізгі жұмыстар аэровокзал ғимараты, диспетчерлік мұнара, қызметтік нысандар мен инженерлік желілерге шоғырланған, – деді облыс басшысы.

Өздеріңізге белгілі, бұл әуежай жаңадан салынып жатыр. Сондықтан мұндағы жұмыс көлемі ауқымды. Жаңа әуежай туризмнің дамуына тың серпін беріп, Катонқарағайды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді ете түсуі тиіс.

Нұрымбет Сақтағанов мердігерге құрылыс кестесін қатаң сақтап, жұмыстың сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button