Қоғам
ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына бақылау күшейді
Шығыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуді ескертеді. деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі 31 түрі бар:
- Ұн және нан өнімдері: 1-сұрыпты бидай ұны, 1-сұрыпты ұннан жасалған нан, рожки.
- Жармалар мен өнімдер: Қарақұмық, домалақ дән күріш, ақ қант ұнтағы, ас тұзы (екстрадан басқа), қара чай (қоспасыз, пакеттелмеген).
- Көкөністер мен жемістер: Картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ (черриден басқа), қияр (корнишоннан басқа), алма.
- Ет және балық: Сиыр еті (сүйекті, сүйексіз, фарш), қой еті, жылқы еті, тауық еті (жамбас, сирақ, ұшасы), жаңа/мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан).
- Сүт және сүт өнімдері: Пастерленген сүт (2.2-6%), айран (2-3%), қаймақ, сүзбе (5-9%), қатты/жартылай қатты ірімшік (40-50%), сары май (72.5-80%), күнбағыс майы.
- Басқа да өнімдер: 1-санатты тауық жұмыртқасы.
ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес, 15 пайыздан артық баға қосқан сатушыларға төмендегідей айыппұл қарастырылған:
Алғашқы ереже бұзғаны үшін:
- Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлер: 5 АЕК
- Орта кәсіпкерлік субъектілері: 35 АЕК
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 150 АЕК
Бір жылда қайталанған жағдайда:
- Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлер: 10 АЕК
- Орта кәсіпкерлік субъектілері: 70 АЕК
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 300 АЕК
Айта кетейік, жыл басынан бері Департамент 116 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның 79-ы үстеме бағаны асырған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Minut.kz



