Қоғам

Непалда жоғалған 3 қазақстандықтан әлі хабар жоқ

Непалда із-түзсіз кеткен Қазақстан азаматтарының тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі олардың нақты 3 адам екенін растады. Ведомство мәліметінше, үшеуі де әйел және Непалға турист ретінде барған. Қазір Қазақстанның Непалдағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен байланысып, жоғалған азаматтарды іздеу жұмысына қатысты ақпаратты анықтап жатыр. Олардың қазіргі орналасқан жері және жағдайы туралы әзірге қосымша мәлімет жоқ.

Жалпы, Непалда жойқын су тасқынынан кейін із-түзсіз кеткендер қатары 4 599 адамға жеткен. 4 270 адам құтқарылған. Қазір жергілікті құтқару қызметтері мен билік іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button