Экономика
Ең төменгі жалақы мәселесі қазан айында Құрылтайда қаралады

Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мәселесін депутаттар қазан айында қарастырады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бюджет туралы заң жобасына қатысты бірінші оқылым 14 қазанда өтеді. Бірақ оған дейін біз шығыстардың, бюджеттің, бюджет тапшылығының және тағы басқа негізгі параметрлерін қарастырамыз. Ал 14 қазаннан кейін салыстырмалы кестені талқылауға кірісеміз, – деді депутат Татьяна Савельева.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мөлшері 150 мың теңгеге артуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Minut.kz



